Президент Жолдауының міндеттері

Пікірталас клубы: ҚР Президенті Жолдауының міндеттері (ВИДЕО)

Бүгін, 12 қаңтар сағат 14:20-да «Strategy2050.kz» АА сайтында тікелей трансляция, «Астана радиосының» тікелей толқынында «Стратегия» пікірталас клубы өтеді.
Астана қаласы 12 Қаңтар, 14:30

Пікірталас клубының кезекті отырысы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген міндеттерге арналады.

Мемлекет басшысы қазақстандықтардың алдында негізгі он міндет қойып отыр. Басты міндеттердің қатарында «жемқорлықпен күрес және заң үстемдігі» қалуда.

Осы және өзгеде мәселелерді сарапшыларымыз «Астана» радиосының тікелей эфирінде талқылайтын болады. «Strategy2050.kz» АА сайтында ақпараттарымызды оқып, трансляцияны тамашалаңыздар. «Парасат» жүйелі зерттеулер институтының жетекші маманы Найля Әлмұхамедовамен сұхбатты «Strategy2050.kz» АА бас редакторы  Дәулетхан Жиенқұлов жүргізеді.

Клубымыздың жұмысы әлеуметтік желідегі парақшаларымызда таратылады. 





Яндекс.Метрика