Адами капитал

Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар жыл басына 16%-ға көтерілді

2018 жылдың басындағы жағдай бойынша, мүгедектерге берілетін жәрдемақы көлемі орташа есеппен 33 087 теңге, асыраушысынан айрылғандар үшін – 12 719 теңге, және жасына қатысты – 12 719 теңге болды.
Казахстан12 Қаңтар , 16:18

255,9 млрд. теңге мүгедектігі, асыраушысынан айырылу бойынша және жасына байланысты жәрдемақылар төлеміне бағытталды, деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау миинстрлігі.

«2018 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 16%-ға артты», - делінген хабарламада.

Осылайша, жалпы ауруға шалдыққан бірінші топтағы мүгедек – 54 306 теңге, екінші топтағы мүгедек  - 43 275 теңге, ал үшінші топтағы мүгедек – 29 416 теңге мөлшерінде жәрдемақы алады.

Аталған санаттағы адамдарды әлеуметтік қолдауға республикалық бюджеттен көзделген қаражаттың жалпы көлемі биыл 326,8 млрд. теңгені құрайтын болады.




Яндекс.Метрика