ҚР Президентінің Жолдауы

Қызылорда облысында 3170 жеке тұрғын үй салынды

Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысына 29 837 млн теңге бағытталды, деп хабарлады аймақтың статистика департаменті.
Қызылорда 12 Қаңтар, 14:51

Жалпы, өңірде 3170 жеке тұрғын үй мен  31 көппәтерлі үйлер пайдаланылуға берілді.

Орташа есеппен, 1 шаршы метрдің құрылысына 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында 63,2 мың теңге жаратылды, ал жеке құрылысшылар 48,3 мың теңге жұмсады.

Атап өтер болсақ, өткен жылы құрылысқа 2016 жылмен салыстырғанда 15,3%-ға төмен қаржы бөлінді.

Фото ашық дереккөзден





Яндекс.Метрика