Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Қ.Абдрахманов: Жолдау жаңа кезеңде Қазақстанның экономикалық дипломатиясының негізін құрайды

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші индустриялық революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының аясында ведомство алдында тұрған жаңа міндеттерді талқылады.
Астана қаласы 12 Қаңтар, 12:43

Мемлекеттік органның басшы қызметкерлері алдындағы сөзінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Жолдаудың басымдықтары жаңа кезеңде Қазақстанның экономикалық дипломатиясының негізін құрайтындығын атап өтті. Үкіметтің экономикалық блогымен бірге инвестициялық және экспорттық бағыттар бойынша өзара әрекеттесу механизмі одан әрі жетілдірілетін болады. Бұл Қазақстан экономикасының басым секторларына шетел инвестициялары мен инновациялық технологияларды тартуға, сондай-ақ отандық кәсіпорындардың өнімдерін сыртқы нарықтарға жылжытуға бағытталған. Индустрия, көлік және логистика секторын цифрландыру, агроөнеркәсіптік кешенді модернизациялау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа назар аударылады.

Министрлік Қазақстанның дипломатиялық қызметіне цифрлық технологияларды енгізуді жалғастырады, оның ішінде электрондық құжат айналымын жетілдіру, консулдық қызметтер, электрондық виза жобалауға көшу.

Сыртқы саясат ведомствосы қазақ әдебиетіне, өнеріне және көркем шығармашылығын дамытуда мультимедиялық технологияларды қолданатын жобаларды жүзеге асырады, деп хабарлады ҚР СІМ.

МИД и загранучреждения Казахстана приступили к информационно-разъяснительной работе с целью реализации задач, поставленных в Послании Главы государства.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның шетелдегі мекемелері Президенттің Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыстарын бастады.





Яндекс.Метрика