Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Алдағы он жылдық ауқымды инновацияларды енгізу кезеңі болады – депутат

Президенттің ағымдағы жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктеріне арналған, деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Владимир Волков.
Астана қаласы12 Қаңтар , 17:23

«Мемлекет басшысы бірнеше рет атап өткендей, жаңа жаһандық шындық жағдайында өзінің болашағын анықтай білген халықтар ғана жеңімпаз атанады. Бағалау бойынша, алдағы он жылдық ауқымды инновацияларды енгізу, жоғары технологиялы тауарлар мен қызметтердің бәсекелестігін күшейту  кезеңі  болады», - деп атап өтті депутат.

Оның пайымынша, экономикалық өсімнің басты драйвері инновация және жоғары технология болады. 2050  жылға дейін әлемнің экономиканың айтарлықтай өзгеруі күтілуде.

Владимир Волков толықтырып кеткендей, әлемдегі жағдайды ескере отырып Мемлекет басшысы алдымызға он міндет қойып отыр және оларды орындауда күш біріктіргеніміз жөн. Олардың ішіндегі маңызды міндеттердің бірі «жемқорлықпен күрес және заң үстемдігін қамтамасыз ету» болып отыр.

Президент Н. Назарбаев жемқорлықпен күресті күшейтіп, оның себептерін жоюды тапсырды.

«Экономиканы цифрландыру бойынша меморгандардың, бизнестің және халықтың бірлесіп жұмыс істеу міндеті қойылды. Бұл меморгандар жұмысының ашықтығын  арттыруға және халықтың қызмет алуын жеңілдетуіне сеп болады», - деді депутат.

Ол атап өткендей, Парламент Сенатының депутаттары Президенттің Жолдауын уақытылы жүзеге асыруға сапалы заңнамалық тұрғыда көмектесуге дайын. 




Яндекс.Метрика