Қазақстан және БҰҮ

ҚР СІМ жоғары деңгейдегі корейаралық келіссөздерге қатысты мәлімдемесі

Қазақстанның төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Корей түбегіндегі соңғы оң өзгерістерді талқылау үшін кеңес өткізді.
Әлемде 12 Қаңтар, 10:21

Қазақстан Республикасы екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерді құптайтынын және екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту үшін екі елдің күш-жігерін жоғары бағалайтынын, хабарлады ҚР СІМ.

Кеңес мүшелері, бұл кездесу мен Солтүстік Кореяның Пхенчханда өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы толыққанды корейаралық диалогтың қайта жаңаруына бастау болып, Корей түбегіндегі шиеленісті жеңілдетуге жәрдемдеседі деп үмітті.

Сонымен қатар, Корея Республикасы мен Солтүстік Корея арасындағы белсенді диалог Корей түбегінің денуклеаризация мәселесіне оң әсерін тигізетін болады деген сенімде.

Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайдың диалог пен келіссөздер арқылы реттелуін дәйекті қолдайды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, сондай-ақ "өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан мемлекет ретінде Қазақстан барлық мүдделі тараптарды Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық бағдарламалары бойынша келіссөздер үдерісін жедел қайта қозғауға шақырады.

Фотосурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі
 





Яндекс.Метрика