Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Б.Әбдірайым: Жолдауда Президент адами капиталды дамытуға басымдық берген

Елбасының бүгінгі Жолдауында бізді күтіп тұрған тәуекелдерге жауап бар, Жолдауда адами капиталды дамытуға басымдылық берілген. Бұл туралы Қазақстанның кәсіподақ федерациясының басшысы Бақытжан Әбдірайым Елбасы Жолдауының негізгі тезистерін талқылау туралы кәсіподақ активтерінің отырысында айтты.
Астана қаласы 11 Қаңтар, 16:14

« 5 жыл бұрын   Дүниежүзілік экономикалық  форум Президенті   Клаус Шваб Давоста  «Төртінші өнеркәсіптік рефолюция»  кітабын шығарды. Ол айтып өткендей, бүгін  әлемде болып жатқан феномендер туралы айтқан. Президент Жолдауы – алда тұрған тәуекелдерге жауап. Бүгінде әлемде жаһандық жарыс жүруде. Қазақстан  егеменді ел ретінде бұл жарысқа қатысып жатыр. Өз Жолдауында Елбасы адами капиталды дамытуға ерекше назар аударған», -  деді Б.Әбдірайым.

Оның айтуынша, Жолдаудағы негізгі  10 міндет  адами капиталға  байланысты – цифрландыруды, инновацияны, жаңа технологиялар мен ғылымды қажет ететін өндірістерді дамыту, ұстаз мәртебесін көтеруді дамыту.

«Өнеркәсіптік революция  - мүмкіндік қана емес,  сынақ. Жаңа технологиялық   тәртіп  жұмыс орындарын оңтайландыруды қажет етеді. Біз қызметкерлерге оның себебін түсіндіріп, жаңа мамандыққа қалай ауысуға болатындығын түсіндіруіміз керек. Олар бұған деген көзқарастарын өзгертулері керек», - деді Қазақстанның кәсіподақ басшысы.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика