Үкімет

2017 жылы инвестиция өсімі ауыл шаруашылығына бағытталды – ҰЭМ

2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестициалардың көлемі 5,5%-ға өсті.Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Астана қаласы 11 Қаңтар, 12:43

 «Бизнестің жағымды күтулерінің өсуі және тұрақты макроортаның арқасында инвестициялық климат жақсарды.2017 жылы негізгі капиталға салынған инвестициалардың көлемі 5,5%-ға өсті.Инвестициялардың негізгі өсімі ауыл шаруашылығына, 29,3% өсуімен, саудаға – 21,8%, құрылысқа – 11,8%, байланысқа – 9,5% және өнеркәсіпке – 3,8% бағытталды.Инвестицияларды қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорындардың өз қаражаттары болып табылады. Онда өсу 23,1% құрады», - деді Т.Сүлейменов.

Т.Сүлейменовтың айтуынша, 2017 жылғы 9 айда Қазақстан 15,7 млрд. АҚШ долл. астам жалпы тікелей шетелдік инвестицияларды тартты. Бұл, 2016 жылғы ұқсас кезеңіне қарағанда 5,3%-ға көбірек.

«ЕАЭО елдерінен келетін тікелей шетелдік инвестициялар 40,8%-ға жоғарлады (935,1 млн. АҚШ долл. немесе жалпы көлемінен 5,9%-ға дейін). Бұл, біздің бүкіл ЕурАзЭО ауқымында биснеске деген жайлы жағдай жасайтынымыздың көрсеткіші», - деді министр.

Қаржы секторын сауықтыру бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде, банктердің жиынтық несие портфелі біртіндеп ұлғайды.

«Биылғы  1 желтоқсанға несиелер, негізінде ұзақ мерзімді несиелердің 5,4%-ға яғни 11,1 трлн. тенгеге дейін өсуінің арқасында, жыл басымен салыстырғанда 1,8%-ға өсті. Қысқа мерзімді несиелер көлемі 15,2%-ға яғни 1,9 трлн. тенгеге дейін төмендеді», - деді Т.Сүлейменов.

Ақбота Күзекбай 

Фото: BNews.kz

 





Яндекс.Метрика