Үкімет

Қаржы министрі 2017 жылғы республикалық бюджеттің шығыны мен кірісі туралы баяндады

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында 2017 жылғы республикалық бюджеттің шығыны мен кірісі туралы айтып берді.
Астана қаласы 11 Қаңтар, 12:26

«Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік құрамын арттыру қамтамасыз етілді. 2016 жылмен салыстырғанда әлеуметтік салаға арналған шығыстардың өсу қарқыны 112%-ті құрайды, ал олардың таза шығыстардағы үлесі 51% жетті», - деді Б.Сұлтанов.

Ал, мемлекеттік бюджеттің негізгі параметрлеріне келсек, олар алдын ала деректер бойынша орындалды.

«Кірістер бойынша жылдық жоспар барлық бюджеттерде асыра орындалды. Өткен жылға қарағанда мемлекеттік бюджеттің кірістерінің өсімі 700 млрд.теңгені құрады. Шығыстар бойынша барынша жоғары атқарылуға қол жеткізілді: мемлекеттік бюджет – 99,7%, республикалық бюджет – 99,8% және жергілікті бюджет – 99,6%. Шығыстарды қолмен басқару нәтижесінде игермеу сомасы барынша азайтылды», - деді министр.

Министр айтқандай,  республикалық бюджеттің тапшылығы 1 357 млрд.теңгені құрады. Бұл жоспардағыдан (1486 млрд.теңге) 129 млрд.теңгеге аз.

«Бюджет қаражаты 2016 жылға қарағанда аудиторлық іс-шаралармен және камералдық бақылаумен екі есеге көп қамтылды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны 2,2 есеге азайды. Ол, камералды бақылаудағы превентивтік шаралардың тиімділігінің артуы арқасында қамтамасыз етілді», - деді Б.Сұлтанов.

Бұл мемлекеттік бюджетті атқарудың негізгі сипаттамасы.

«Енді әрбір позиция бойынша неғұрлым толығырақ айта кетейік.Өткен жылы жалпы сомасы 8,6 трлн.теңгеге 496 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша жалпы сомасы 728 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде конкурстардың қорытындыларын жою және қайта қарау жолымен 710млрд.теңге сомаға, яғни 97,5% бұзушылықтар жойылды», - деді министр.

Айта кетейік, Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов   ЖІӨ өсімі 2017 жылдың қорытындысы бойынша 4 пайызды құрағанын мәлімдеді.

 

Ақбота Күзекбай 

Фото: мұрағат 





Яндекс.Метрика