Үкімет

ЖІӨ өсімі 2017 жылдың қорытындысы бойынша 4 пайызды құрады

ЖІӨ өсімі 2017 жылдың қорытындысы бойынша 4 пайызды құрады. Бұл туралы 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Астана қаласы 11 Қаңтар, 11:28

Қазақстан экономикасы үшін 2017 жылдың басты қорытындысы ел экономикасының өсудің оданда жоғарырақ қарқындарына ілгерілемелі өтуімен қалыпқа келу процесстерінің жандануы болды.

«2017 жылдың алдын ала қорытындылары бойынша ЖІӨ өсуі 4,0%-ды құрады. Экономикалық өсу экономикалық қызметтің барлық сегменттерінде синхрондық жақсарумен теңдестірілген болды», - деді Т.Сүлейменов.

Министр айтқандай,  сыртқы сауда бойынша оң қозғалыстар бекітілді.

«11 айдың қорытындылары бойынша экспорт Ресейге 33,0%-ға, ЕО-ға - 31,0%-ға және Қытайға - 34,9%-ға өсті.Қалыпқа келу процесстерінің жандануында басты рөлді бағалық фактор алды. Инфляциялық көрініс 2016 жылмен салыстырғанда 1,4 пайыздық тармаққа төмендеді және 7,1%-ды құрады», - деді Т.Сүлейменов.

Осымен бірге, 2017 жыл ішінде еңбек нарығы көрсеткіштері тұрақтылығын сақтады, жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрады.

«Сонымен қатар, 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық қор активтері елдің қаржы саласын қолдауға едіуір қаражатты тартуды есепке ала отырып 57,6 млрд. АҚШ долларын құрады», - деді министр.

Сол арада, банк секторын сауықтыру және жалпы экономикалық жағдайды жақсарту бойынша шараларды іске асыру кредиттік циклдың қалпына келу фазасының басталуы үшін алғышарттар қалыптастырды. Банктердің кредиттік портфелі біртіндеп өсу нышандарын көрсете бастады.

«Тұтастай алғанда, экономика өсуінің жағымды серпіні, төлем баласы жағдайының жақсаруы және өндірістік қуаттардың артуы 2017 жылы Қазақстанның инвестициялық сенімділік деңгейін халықаралық рейтингтік агенттіктердің растауын қамтамасыз етті және болжамды «Жағымсыздан» «Тұрақтыға» жақсартуға мүмкіндік берді», - деді Т.Сүлейменов.

Айта кетейік, бүгін Премьер-Министр  Бақыт  Сағынтаев  Үкімет отырысында   алдағы  жақын арада Елбасы Жолдауында айтылған  10 міндетті жүзеге асыруды тапсырды.

Ақбота Күзекбай 





Яндекс.Метрика