Үкімет

Премьер-Министр отандық кәсіпорындарды цифрландырудың жаңа әдістерін әзірлеуді тапсырды

Инвестициялар және даму министрлігі қатысы бар органдармен бірігіп отандық кәсіпорындарды цифрландыруды жаңғыртуға бағытталған әдістерді әзірлеу қажет. Жалпы, Елбасы Жолдауының бірінші бағытындағы тапсырмалар туралы Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында айтып берді.
Астана қаласы11 Қаңтар , 11:02

Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, Үкімет жақын арада  Елбасы Жолдауының  10 негізгі міндетін жүзеге асыруы керек.

 «Бірінші басымдық  жаңа технологияларды енгізу бойынша, Инвестициялар және даму министрлігі қатысты органдармен бірігіп отандық кәсіпорындарды цифрландыруды жаңғыртуға бағытталған әдістерді  әзірлеу қажет. Бірқатар өнеркәсіптік  кәсіпорындарды цифрландыру бойынша пилоттық  жобаны іске қосып,  оларды жүзеге асыруға кірісу қажет. Жауапты министр – Жеңіс Қасымбек», - деді Премьер-Министр.

Ақпарат және коммуникация министрлігі  қатысы бар министрліктермен бірігіп Назарбаев Университеті мен АХҚО және  халықаралық  IT-стартап технопаркі негізінде  цифрлық және инновациялық  әзірлемелер бойынша  шаралар кешенін  әзірлеуі керек.

« «Алатау»  инновациялық технологиялық паркінің қызметі  бойынша Инвестициялар және даму министрлігі  ақпарат және коммуникация  министрлігі мен Алматы әкімдігімен бірігіп  екі апталық мерзім ішінде нақты ұсыныстар енгізулері керек. Инвестициялар  және даму министрлігі Индустриаландырудың үшінші бесжылдық мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуге кірісуі керек», - деді Б.Сағынтаев.

Үкімет басшысы  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  әкімдіктер мен қатысы бар министрліктермен бірігіп  экономиканы цифрландыруға орай қызметкерлерді босату қаупін бағалауы керек.

Ақбота Күзекбай

Фото: Шыңғыс Қаппаров

 




Яндекс.Метрика