Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Жолдаудың жаңа мүмкіндіктерін пайдамызға асыра білуіміз керек – сарапшы

Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін пайдамызға асыра білуіміз керек. Бұл туралы Республикалық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Светлана Ибрагимова хабарлады.
Астана қаласы11 Қаңтар , 11:47

«Кеше ғана Елбасының 2018 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Бұған дейін, Мемлекет басшысының Рухани жаңғыру  деген тақырыпта баяндамасы болғанда да біз мәдиниеттің өзегінде жатқан мәселелер бар екенін көрдік. Біздің 14 аймақта және Астана мен Алматы қалаларындағы 16 филиалымызда жаңа Жолдау бойынша жұмыстар жүргізіле бастады», - деді   сөз басында Светлана Ибрагимова.

Спикердің пайымынша, біз төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін пайдамызға асыра білуіміз керек.

«Елімізде 2016 жылы айлық жалақыны есептеудің жаңа әдісі енгізіліп, жалақы көтерілді. Осы ретте, біз мәдениет саласы қызметкерлерінің айлығы шайлығына жетпейтінін айтып, министрлікке ұсыныс бердік. Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде мәдениет пен білім саласы артта қалып отыр.  Осы мәселе Жолдауда баса айтылып, нақты тапсырмалар берілген. Біз төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін пайдалана отырып халқымыз, еліміз, Қазақстанымыз үшін ілкімді істерді іске асыруымыз керек», - деп түйіндеді Светлана Ибрагимова.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жолдауда Президент 2018 жылы Қазақстанда жүзеге асыру керек негізгі он міндетті атады.

Мөлдір Асқарқызы




Яндекс.Метрика