«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Оралда көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Орал қаласында 9 қабатты 156 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан 11 Қаңтар, 16:51

Осыдан аз ғана жыл бұрын жазық бала болған жерде бүгін тұтастай шағын аудан пайда болды. Ондаған тұрғын үй салынып, мектеп, балабақша, емхана, аурухана секілді өзге де əлеуметтік маңызды ғимараттар бой көтергенін айта кету керек.

«Биыл өңірімізде мемлекеттік "Нұрлы жол" жəне "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жұмыстар атқарылды. Соның ішінде осы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша облыста 115 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, ал жалпы қаржыландырудың барлық көздерінен 380 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп отыр», - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.  

Айта кетейік, биыл облыста 14 көп қабатты, 188 бір қабатты тұрғын үй салынып, 1500 отбасы баспаналы болды.

 





Яндекс.Метрика