Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Елбасының Жолдауындағы барлық міндеттер мемлекеттің келешектегі дамуына арналған – депутат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында Парламент Сенатының депутаты Серік Бектұрғанов Қостанай облысындағы Денисов ауданындағы әлеуметтік сала нысандарында болып, сайлаушылармен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қостанай11 Қаңтар , 14:31

Депутат кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген 10 басымдықты іске асыру тетіктерін жан-жақты әңгімелеп, жекелеген ережелерді түсіндірді, сондай-ақ қойылған сауалдарға егжей-тегжейлі жауап берді.

 С.Бектұрғанов «Елбасының Жолдауындағы барлық міндеттер мемлекеттің келешектегі дамуына арналған», деп атап өтті. Мемлекет басшысы айтқандай, жаңғырудың негізі болып табылатын адам капиталын дамыту мәселесіне тоқтала келіп, сенатор білім беру саласының үздік жүйесін қалыптастыруға назар аударды. Аудан тұрғындары Жолдауда айтылған Елбасының бастамаларына қолдау білдірді.
 

 




Яндекс.Метрика