Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Жолдауда білім саласы жаңа қырынан көрсетілген – О.Тоғжанова

Жолдауда білім саласы жаңа қырынан көрсетілген. Бұл туралы ҚР ЕҰУ профессоры, ақын Оңай Тоғжанова хабарлады.
Астана қаласы10 Қаңтар , 20:16

«Жолдаудың маңызды емес жері жоқ. Дегенменде, білім саласында жұмыс істегендіктен мына бір мәселе ерекше әсер етті. Жолдауда білім беру саласы инвестициялық жобалары бар, экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарастырылуы керек делінген. Бұған дейін білім саласы экономикаға қатысы жоқ сияқты болып келді. Ал, шын мәнінде сол экономика білім берудің басында тұр. Осы мәселесін осында айтылуы алға үлкен мақсат, міндеттерді қоюға итермелейді», - деді Оңай Тоғжанова.

Сонымен қатар, спикердің пайымынша  экономиканы дамытатын және оны алға жүргізетін гуманитарлық ғылым.

«Мен пияр туралы оқулық жазып шықтым. Оны жазуға маған ешкім ешқандай қаржы төлеген жоқ. Мысалы, біздің алдымызда АҚШ пен елімізде жасалған екі қалам берілсін делік. Әрине біз бірден АҚШ жасалған қаламды аламыз, себебі оның пияры күшті. Осылайша біз АҚШ-тың экономикасына қаржы қоямыз. Менің айтайын дегенім сөздің құдіреті күшті және экономиканы дамытатын, оны алға жүргізетін ғылым -  гуманитарлық ғылым», - деп түйіндеді О.Тоғжанова.

Мөлдір Асқарқызы




Яндекс.Метрика