Халықаралық интеграция

Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Рим Папасы Францискімен кездесті

2018 жылғы 8-10 қаңтар аралығында Ватиканда Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Жанар Айтжанова жаңа жылға арналған Рим Папасы Францисктің қабылдауына қатысып, Қасиетті тақтың Мемлекеттік хатшысы Кардинал Пьетро Паролин мен Қасиетті тақтың Халықаралық қатынастар бойынша хатшысы Кардинал Пол Ричард Галлахермен кездесті.
Әлемде 10 Қаңтар, 20:56

Іс-шара барысында Елші Рим Папасы Францискімен кездесу өтті. Сұхбат барысында Жанар Айтжанова Оның Қасиеттілігіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан жылы лебіздерін жеткізді. Қазақстандық дипломат Рим Папасына Ватиканның Астанада өткен «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмеге қатысқаны, сонымен қатар, еліміздің әлемде төзімділік, бейбітшілік пен келісім бастамаларын жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚР СІМ.

Понтифик өз Қасиетті Тағының жанында аккредиттелген дипломатиялық корпустың алдында сөз сөйлеу барысында адам құқықтары, жұмыссыздық, көші-қон, босқындар, сондай-ақ Сирия, Украина, Ирак, Йемен, Ауғанстан, Таяу Шығыс және Африкадағы қақтығыстар туралы атап өтті. Рим Папасының айтуынша, халықтар арасындағы кез-келген даулар қару-жарақпен емес, келіссөздер арқылы шешілуі тиіс. Осыған орай, Оның Қасиеттілігі бүкіл әлем державаларын Корея түбегіндегі шиеленісті азайтуды және ядролық қаруға қарсы заңнамалық тыйым салу туралы диалогқа қолдау көрсетуді талап етті.

Іссапар шеңберінде отандық елші Пьетро Паролин мен Пол Ричард Галлахермен келіссөздер өткізді. Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен оның болашағы, Ватиканның Съезге қатысуы, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі іс-әрекеті және тағы да басқа халықаралық тақырыбтың өзекті мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Елші 10-11 қаңтар аралығында Лихтенштейннің Мұрагер ханзадасы Алоиз пен жергілікті үкіметтің мүшелерімен кездесулер жоспарланған. Келіссөздер барысында қазіргі таңдағы екіжақты жағдай және оны дамыту сұрақтары қарастырылады.

 





Яндекс.Метрика