Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

10 негізгі міндетті жүзеге асыру Қазақстанды жаңа деңгейге жетелейді - шетелдік сарапшы

Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел дамуының 10 басым міндетін анықтап, оны жүзеге асыруда экономикалық даму мен елдің жаңа деңгейге шығуына ықпал ететін болады. Бұл пікірді Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына түсініктеме берген Сингапурлық баспасөз клубының құрметті хатшысы Сантош Кумар айтты.
Нұр-Сұлтан10 Қаңтар , 18:46

Ол Президенттің бұл мәселеде жаңа технологияларды енгізуі елде жаңғыртудың сәтті жүзеге асырылуына ықпал ететінін атап өтті.

«Еңбек өнімділігін арттыру және ресурстарды тиімді пайдалану Қазақстан үшін жақын арада индустриалды қуатқа айналудың басты факторы болып табылады. Президент Н.Назарбаев қарқынды дамып келе жатқан пайдалы және интеллектуалды жүйелерді, жаңа құрылыс технологияларын және адам капиталын ұлғайтуды жақсарту 2050 жылға қарай Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруін тездетеді », - деп атап өтті шетелдік сарапшы.

Сантош Кумардың айтуынша, Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және бизнес-транзакциялардың ашықтығы бойынша қабылданған шаралар, Астана мен Алматыны инвесторлар үшін тартымды етеді. «Осы қалаларда және еліміздің басқа өңірлерінде тиімді жұмыс істейтін инфрақұрылыммен қатар, Қазақстан көп ұзамай бүкіл әлем назарын интеллектуалды дамыған ұлтқа көшу тәжірибесінде аудара алады», - деп қорытындылады ол.
 




Яндекс.Метрика