Басқару

Қазақстан Президенті бірқатар заңға қол қойды

Қазақстан Президенті бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан 10 Қаңтар, 16:21

Мемлекет басшысы «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар заңнамалық актілерді сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жәбірленушілерге өтемақы қоры мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Елбасы  бағалау қызметін реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар,  Н.Назарбаев  заңнаманы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы Жәбірленушілерге өтемақы қорынан біржолғы ақша төлеу арқылы қылмыстардан зардап шеккен тұлғаларға материалдық көмек көрсетудің құқықтық негіздерін жасауға бағытталған «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіндері  баспасөзде жарияланады.





Яндекс.Метрика