Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Жолдау бізді адастырмайтын темірқазық - Көпен Әмірбек

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылға арналған Қазақстан халқына Жолдауы елімізді адастырмайтын темірқазық. Бұл туралы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек хабарлады.
Нұр-Сұлтан10 Қаңтар , 16:11

«Бұл Жолдау бізді адастырмайтын темірқазығымыз. Әсіресе, Жолдаудың ішіндегі ерекше назар аударатыны Рухани жаңғыру. Ал, Рухани жаңғыру аясында біз қалай жаңғырамыз? Осы ретте, өз басым Жолдаудың жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі туралы тоғызыншы тарауына қатты мән бердім. Себебі, жемқорлықпен күресте жұмыс жасалынып жатыр. Жолдауда көрсетілгендей  соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы қазынаға қайта құйылды.  Бұл дегеніңіз аспандағы құсты жердегі жем ұятқа қалдырады дегенді білдіреді.  Мінекей ұятқа қалмау үшін Елбасының Жолдауын орындауымыз керек. Бұл елдің мүддесі, елдің ерекше назар аударатын, көзін ашып қарайтын көрнекті бағдарламасы», - деп ҚР еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбек Елбасының жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауына қатысты пікірін білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды. Жолдауда Президент 2018 жылы Қазақстанда жүзеге асыру керек негізгі он міндетті атады.

Атап өтер болсақ,  2017 жылға арналған Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы алғаш рет баспасөз бетіне жарияланды.

Ал, Мемлекет басшысының алғашқы халыққа Жолдауы 1997 жылы 16 қазанда жарияланды. Ол еліміздің қауіпсіздігін нығайтып, барша қазақстандықтардың әл-аухатын арттыруға бағытталды.

Мөлдір Асқарқызы 




Яндекс.Метрика