Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

2017 жылы 93 мыңнан астам адам кәсіби оқумен қамтылды

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында 93 мыңнан астам адам өзінің кәсіби дайындықтарын бастады, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан11 Қаңтар , 08:52

Қысқа мерзімді оқумен 72 мың адам қамтылып, олардың 39,5 мыңдайы жұмысқа орналасты. 

Еске сала кетейік, аталған бағдарлама шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша ел азаматтары жаппай оқытудан өтіп, оларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.

Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қысқа мерзімді оқу арқылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесімен және екінші мамандығымен алғашқы кәсіпті тегін ала алады.

Дегенімен, статистикалық мәліметтер жұмыссыздардың 25% -ы тек мектепте білім алса, ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың - 49% -ында арнайы білім мен кәсіби дағдылар жоқ екенін көрсетіп отыр.

 




Яндекс.Метрика