Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанда алғаш рет «электронды қылмыстық іс» қаралды

Шымкент қаласының Абай аудандық сотына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес айыпталған сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс электронды нысанда келіп түсті, деп хабарлады Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан 10 Қаңтар, 14:58

 Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы А.  2017 жылғы 20 желтоқсанда сағат 16.00 шамасында бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында жәбірленушінің үйіне кіріп, құны 30 000 теңге тұратын жылытқышты ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.

Басты сот талқылауы барысында тараптар татуласты.

«Сот жәбірленушімен татуласып, залалдың орнын толтыруына байланысты А.-ны қылмыстық жауаптылықтан босатты. Қылмыстық іс жүргізу тоқтатылды», - делінген хабарламада.

Қылмыстық істі электронды нысанда жүргізу тергеу мерзімін  қысқартып, материалдарды бұрмалау ықтималдығын азайтып, іс құжаттарына онлайн режимде қол жеткізу мүмкіндігін арттырып, дәлелдемелерді жинау және процестік құжаттарды дайындау рәсімін жеңілдетеді.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне қылмыстық сот ісін қағаз және электронды түрде жүргізуге мүмкіндік беретін «Қылмыстық сот ісін жүргізу форматы» атты 42-1-бап енгізілді.





Яндекс.Метрика