Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Бас прокуратурада қызметтердің химиялық кастрациялау рәсімін жүргізуге дайындықтары талқыланды

Бас прокуратурада химиялық кастрациялауды жүргізу туралы заңнамалық толықтырулардың қолдану және қылмыстық-атқару жүйесі мен денсаулық сақтау қызметтерінің аталған процедураны жүргізуге әзірлігінің жай-күйі туралы мәселе бойынша ведомствоаралық жиын өтті.
Нұр-Сұлтан10 Қаңтар , 15:27

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жиын жұмысына Жоғарғы Соттың, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ішкі істер, оның ішінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мүшелері, сондай-ақ Бас прокуратураның орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.  

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 2018 жылдың 1 қаңтарында заңды күшіне енгенін еске сала кетейік.

«Химиялық кастрациялау тек соттың үкімімен сот-психиатриялық сараптаманың қортындысы бойынша кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарына бейім деп танылған  тұлғаларға ғана қолданылатын болады», - делінген хабарламада.

Андрогенді дәрі инъекциялары бас бостандығын айырылған азаматтарға жазасын өтеу мекемелерінде, ал өзге жаза түрлеріне сотталғандарға  - денсаулық сақтау мекемелерінде жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік органдар өкілдері химиялық кастарциялау процедураларын жүзеге асыруға дайын екеніндігін мәлімдеді.

     

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданды.




Яндекс.Метрика