Парламент

Халықпен кездесу депутаттарға заң шығару процесінде септігін тигізеді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасының орынбасары Владимир Божко Ақмола облысының ұстаздарымен кездесті.
Астана қаласы 10 Қаңтар, 11:54

Депутаттардың аймақтардағы халықпен кездесулері аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Владимир Божко Щучинск қаласындағы мұғалімдер колледжі мен Щучинск Жоғары колледжінде болды. Ол мұғалімдермен және ҮЕҰ және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақмола облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

«Жылдың бірінші аптасында депутаттар елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мәні туралы халықты ақпараттандыру, азаматтардың өзекті мәселелерімен, олардың ескертулерімен және ағымдағы жағдайды жақсартуға бағытталған ұсыныстармен таныстыру мақсатында еліміздің барлық аймақтарына барады. Болашақта өткізілген кездесулер заң шығару жұмысының өзектілігінің кепілі болады», - деді депутат Жоғары колледж қызметкерлерімен өткен кездесуде.

Ол сондай-ақ, қазіргі уақытта Парламенттің өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететініне назар аударды және депутаттардың жұмысы туралы егжей-тегжейлі ақпаратты Интернеттегі бірқатар ресми ресурстардан алуға болатынын айтты. Мысалы, zakon.kz порталында кез келген адам парламенттік тыңдаулардың тікелей эфирін көре алады, қабылданатын және талқыланатын заң жобаларымен танысады, басқа да тиісті ақпаратты ала алады.

Депутат сондай-ақ қатысушыларды «Рухани жаңғыру», «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысымен таныстырды, қойылған сұрақтарға жауап берді және ұсыныстарды тыңдады.

Атап айтқанда, Жоғары колледждің барлық қызметкерлерінің атынан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру туралы бірқатар ұсыныстарын директор Шоқан Оразалин мәлімдеді. Ол көбінесе жұмысты қиындататын заңның кейбір жайттарын атап өтті, сонымен қатар, тапсырыс берушілер де, жеткізушілер де сараптама жүргізіп, нақты ұсыныстарды әзірледі, олар белгіленген тәртіпте депутаттарға хабарланады.
Осы мәселе бойынша В.Божко депутаттар әрдайым ынтымақтастыққа дайын екендігін және мемлекеттік сатып алу процедурасы мен заңнамасына, ұйымдар мен кәсіпорындарда әзірленген ұсыныстарды ескере отырып, қарастырылатынын түсіндірді,

Парламент Мәжілісі депутатының Бурабай ауданына сапары кезінде В.Божко мекеменің оқу және өндірістік бөлімшелерін тексеріп, мұғалімдермен, аудандағы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, ҮЕҰ, ЗТБ және «Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығыны» өкілдерімен кездесу өткізді.





Яндекс.Метрика