Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

ҚР Президенті латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасақтауды тапсырды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасақтауды тапсырды.
Нұр-Сұлтан 10 Қаңтар, 16:14

«Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет», - деді Президент.

Мемлекет басшысы назар аударып кеткендей, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған. 

«Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді. Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр. Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек. Латын әліпбиіне көшу бұл мәселені реттеуге мүмкіндік береді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет», - деп баса айтты Мемлекет басшысы Жолдауда.

Сонымен қатар, 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады.

«Нәтижесінде, біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Жалпы, Президенттің есептеуінше, В целом, как считает Президент, ключевым приоритетом образовательных программ должно стать развитие способности к постоянной адаптации к изменениям и усвоению новых знаний.

«2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет. Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады», - деп толықтырды Мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев хабарлағандай, білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керек. Бұл – жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңызды шарты.

Жолдауда атап көрсетілгендей, білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады.

«Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек. Барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құру керек», - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы жарияланды. Жолдауда Президент 2018 жылы Қазақстанда жүзеге асыру керек негізгі он міндетті атады. 

Мөлдір Асқарқызы





Яндекс.Метрика