Ұлттың денсаулығы

Қазақстандықтар үшін 887 тегін дәрі-дәрмек атаулары сатып алынды

2018 жылға тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 887 дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым сатып алынды.
Нұр-Сұлтан 10 Қаңтар, 12:23

Қазіргі уақытта 492 атау бойынша әлеуетті өнім берушілермен шарт жасалды және баға парағы бекітілді, 395 атау бойынша әлеуетті өнім берушілермен шарт жасалу барысында, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

Олардың ішінде 443 дәрі-дәрмек отандық тауар өндірушілерден, 82-тікелей шетелдік зауыт-дайындаушылардан, 14 дәрі ЮНИСЕФ арқылы сатып алынды. Сонымен қатар екі кезеңді тендер қорытындысы және бір көзден сатып алу бойынша 40 орфанды препарат сатып алынды. Бұдан бөлек 90 күндік қажеттілікті өтеу үшін бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алынған 328 атау да осының ішіне кіріп отыр.   

Тікелей шартпен және отандық тауар өндірушілер шартымен дәрілерді  Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына жөнелту 2017 жылдың желтоқсанынан басталды. 90 күндік қажеттілікті өтеу үшін бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алынған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу шарт бойынша  10 қаңтардан басталады.

90 күндік қажеттілікті өтеу шеңберінде сатып алу процесі жалғасуда: 181 – сатып алуға жарияланды, оның ішінде 150 лот  қайталанады, 28 дәрі бойынша дәрі-дәрмек және медициналық бұйым атауында сатып алу көлемі өзгерді

90 күн қажеттіліктерді сатып алу шеңберінде сатып алу рәсімдері жалғасуда: 181 – сатып алуға, оның ішінде 150 лот қайтадан жарияланды, 28 препараттар бойынша дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар тізімінде жаңа атаулар пайда болғаннан кейін 2018 жылға бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын көлемдері өзгерді,  сондай-ақ АИТВ-пен ауыратын балаларға арналған 2 антиретровирустық препарат пен панкреатин капсулалары 150 мг бар. Қазіргі уақытта 41 дәрі-дәрмектерге отандық өндірушілермен шарттар жасалды. Қазіргі кезде 8 атау тікелей шетелдік өндірушілерден сатып алынды, ал тағы біреуі Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы арқылы сатып алынды.

Сондай-ақ, 9 айлық сұранысты қамтамасыз ету үшін 488 атау сатып алу бойынша екі кезеңдік тендерлік рәсімдері жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың 357 аукционға жіберіледі.

2018 жылға Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізіміне барлығы 1192 дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың атаулары кіреді. Медициналық ұйымдарға қажеттілік 200,2 млрд. теңгені құрайды.





Яндекс.Метрика