Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Қазақстанда Интеллектуалды көлік жүйесі енгізіледі (ВИДЕО)

Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет.Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Нұр-Сұлтан 10 Қаңтар, 09:53

Елбасы  көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру туралы айтып өтті.

«Бүгінде Қазақстан арқылы бірнеше трансконтиненталды коридор өтеді.Бұл туралы көп айтылды. Жалпы, Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 2017 жылы 17 процентке өсіп, 17 миллион тоннаға жуықтады. Транзиттен түсетін жыл сайынғы табысты 2020 жылы 5 миллиард долларға жеткізу міндеті тұр», - деді Елбасы.

Осы орайда Елбасы бұл инфрақұрылымға жұмсалған мемлекет қаражатын тез арада қайтаруға мүмкіндік береді. Жүк қозғалысын онлайн режімінде бақылап, олардың кедергісіз тасымалдануы үшін және кедендік операцияларды жеңілдету мақсатымен блокчейн сияқты цифрлық технологиялардың ауқымды түрде енгізілуін қамтамасыз ету қажеттігін айтты. Заманауи шешімдер логистиканың барлық буынының өзара байланысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

««Үлкен деректерді» (Big data) пайдалану сапалы талдауды қамтамасыз етуге, өсімнің резервін анықтауға және артық шығынды азайтуға жағдай туғызады. Осы мақсаттар үшін Интеллектуалды көлік жүйесін енгізу қажет.Бұл жүйе көлік ағынын тиімді басқаруға және инфрақұрылымды одан әрі дамыту қажеттігін анықтауға жол ашады», - деді ҚР Президенті.

Елбасы айтып өткендей, ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек.

«Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет. Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек», - деді Елбасы.

Өз Жолдауында  Елбасы еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорнын цифрландыру жөнінде пилоттық жобаны іске асыруды тапсырған болатын.

Айта кетейік, 2018 жылғы 10 қаңтарда  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.

 

Ақбота Күзекбай

Видео: Ақорданың баспасөз қызметі





Яндекс.Метрика