Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Технологиялық қарқынды өзгерістер- әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енудегі тарихи мүмкіндігіміз

2018 жылға арналған Қазақстан халықына Жолдау 10 қаңтарда барлық баспасөз беттерінде жарияланады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық арналардан хабарлады.
Астана қаласы10 Қаңтар , 08:51

«Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды.  Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда.Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз.Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда.Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық.Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды.Заманауи технологиялар әлемді өзгертуде.  Жаһандық технологиялық  өзгерістер өзімен бірге жаңа белестер мен өсімнің жаңа мүмкіндіктерін алып келеді. Бұл біздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енудегі тарихи мүмкіндігіміз», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2017 жылдың  31 қаңтарында  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Жолдауы жарияланған болатын. Ол кезде Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруына бастау берді.




Яндекс.Метрика