Жолдау 2018: негізгі 10 міндет

Әлеуметтік саланың бюджет шығыны 12%-ға ұлғайтылады – Нұрсұлтан Назарбаев

Биыл әлеуметтік саланың бюджет шығыны 12%-ға ұлғайтылып, 4 триллион теңгеден асып жығылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық арналардан хабарлады.
Нұр-Сұлтан09 Қаңтар , 20:05

Елбасы атап өткендей,  2016-2017 жылдары әлеуметтік төлемдер үш рет көтерілді. 2018 жылы да бұл үрдіс өз жалғасын табатын болады.

«Оның ішінде, базалық зейнетақы – 29 пайыз, ортақ зейнетақы-32 пайызға,  денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға,  білім беру  саласы 29 пайызға, мемлекеттік қызметкерлердікі  30 пайызға көбейді», - деді Елбасы.

Сондай-ақ,  биыл  әлеуметтік саланың шығыны 12%-ға ұлғайтылып,  4 триллион теңгеден асып жығылады. Базалық зейнетақы еңбек өтілі ескеріле келе орташа есеппен 1,8 есе ұлғайтылады.

Ал, арнайы оқу құрамы бағдарламасы бойынша біліктілігін жетілдірген мұғалімдердің жалақысы санатына қарай 30 дан 50%-ға дейін көбейтіледі.

Айта кетейік,  ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев  2018 жылға арналған   Қазақстан халықына Жолдау 10 қаңтарда барлық баспасөз беттерінде жарияланатынын хабарлады. Қазақстан халқына Жоладауында негізгі 10 міндет  көрсетілген.

 

Мөлдір Асқарқызы

 

 




Яндекс.Метрика