Басқару

Қазақстанда автокөлік құралдарының жүкті рұқсат етілген салмақтан асырғаны үшін төленетін айыппұл өзгерді

Биыл 9 қаңтарда көлік саласына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар күшіне енді.
Казахстан10 Қаңтар , 08:46

Инвестициялар және  даму министрлігі  хабарлағандай, енгізілген өзгертулерге сәйкес, автокөлік құралдарының артық салмақпен жүріп өткені үшін әкімшілік айыппұл 10-20 АЕК-ке төмендеді. Бұдан бөлек, мұндай құқық бұзушылық жауапкершілігі енді бір тоннадан асқан кезде күшіне енеді.  

Қазақстандық рұқсат бланкісіз халықаралық тасымал жасаған үшін шетелдік жүргізушілерге 25-тен 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынатын болады. Сонымен бірге, ҚР территориясында  каботажды тасымал жасаған үшін шетелдік тасымалдаушыларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл  белгіленді.

 Сонымен қатар, төмендегідей жаңа әкімшілік жауапкершілік енгізілді:

-Теміржол көлігімен жүктерді, жолаушыларды, багажды және ауыр жүкті тасымалдау ережелерін бұзған үшін (571 баптың жаңа 4-ші бөлімі);

-Тасымалдаушы жүкті, жолаушыларды және багажды автокөлік құралымен тасымалдау кезінде тауар-көлік жөнелтпе құжатын, (өлшеу және таразылау акті), жүк тасымалын жасауда жол-сапар парағын  бермеу және толтырмау (571-1 жаңа бап);

-ЕАЭО мүше-мемлекеттердің көлікті бақылау уәкілетті органы берген ескертпені орындамай халықаралық автомобиль тасымалын жасаған шетелдік тасымалдаушылар  үшін, сонымен қатар ескерту хатта белгіленген бағдардан ауытқығаны үшін (573 баптың 6 бөлімі);

-Тартқышты немесе жүк автомобилін тасымалдаушы тіркелген мемлекетте тіркелмеген тартқышқа немесе жүк автомобиліне айырбастауды (тіркемелеу) жүзеге асырғаны үшін (573 баптың 7 бөлімі);

-Шағын көлемді кемеде немесе буксирге алынған жүзу құралында құтқару құралдарын кимей және тақпай жеке шағын көлемді кемемен басқару үшін.

Кодекстен 593 баптың 6 бөлімі (самосвалмен тасымалдау), 574 бап (жолаушылар тізімінің болмауы), 576 (жүргізушілерде тұрақсыз республика ішінде тасымал жасау шартының болмауы), 584 баптың 1 бөлімі (суға сүңгу жұмыстары кезінде белгі беру ережелерін бұзған үшін), 609 (арнайы куәліксіз жолаушыларды тасымалдау) алынып тасталған.

 




Яндекс.Метрика