Парламент

Мәжіліс депутаттары павлодарлық зауыттардың жұмысымен танысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мейрам Пішембаев пен Артур Платонов Павлодар облысындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ және «Қазақстан алюминийі» АҚ зауыттарының ішкі жұмыстарымен танысты.
Павлодар 09 Қаңтар, 11:52

Мәжілісмендер жоғарыда аталған кәсіпорындардың ұжымымен танысты. Кездесу барысында білім, зейнетақы және тұрғын  үй-коммуналдық қызмет мәселелері де алға тартылды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Кейін Парламент Мәжілісмендері түрлі-түсті металлургия колледжінің территориясында орналасқан Студенттер үйіне барып қайтты. Депутаттар Студенттер үйінің жоғары деңгейде жабдықталғанын айтып өтіп, білім алушыларға табыс тіледі. Аталған жатақхана өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік нәтижесінде салынған болатын.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Пішембаев және Платоновтардың Павлодар облысына сапары 12 қаңтарға дейін созылады.





Яндекс.Метрика