Қазақстан және БҰҮ

БҰҰ ҚК: Қазақстан халықаралық қауымдастық мүшелері арасындағы сенімді қалпына келтіруге мүдделі

Ядролық қаруды таратпау, Ауғанстан мен Орталық Азия, Таяу Шығыстағы жағдай. Қауіпсіздік кеңесінің қаңтардағы тығыз кестесі туралы БҰҰ жаңалықтар қызметінде БҰҰ-дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров айтып берді.
Әлемде 09 Қаңтар, 08:42

Осы айда Қауіпсіздік кеңесінің отырыстарына Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов және ресейлік әріптес Сергей Лавров, өзге де ресми  тұлғалар қатысады, деп хабарлады БҰҰ жаңалықтар қызметінің ресми сайты.

«Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өткен кезде бүгінгі бар проблемаларды шешуге, ортақ платформада барлық елдерді біріктіруді көздеп, ортақ шешім шығаруға ниетті болғанбыз», - деді Омаров.

Қауіпсіздік Кеңесіндегі Қазақстанның   басымдығы «Қазақстанның тұжырымдамалық көзқарасы» атты Қазақстан Президентінің Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесіндегі саяси үндеуінде айтылған болатын.

«Елбасының саяси үндеуі Қауіпсіздік кеңесінің  ресми құжатына айналып, ҚК мүшелері арасында таратылды. Сондықтан да бүгінде біз аталмыш басымдықтарды назарға аламыз», - деді ол.

Қазақстан бастамасы бойынша БҰҰ тарихында алғаш рет ҚК тұрақты емес мүшелігіне сайланған  6 елдің туын көтеру салтанаты ұйымдастырылды. Біз БҰҰ жаңа  дәстүріне өттік, себебі БҰҰ  ҚК тұрақты емес мүшесі болудың өзі үлкен сенім.

Қазақстан Республикасында үш маңызды іс-шара болады.18  қаңтарда жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау және сенім шараларын күшейту бойынша  жоғары деңгейдегі тақырыптық пікірталас өткізіледі. Бұл кездесуді Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев басқарады. Басқа мемлекеттер де мемлекет басшыларымен сыртқы істер министрлерінің деңгейінде қатысады.

«Біз қақтығыстарды болдырмау және бітімгершілік   мәселелерін талқылайтын боламыз, ол іс жүзінде мемлекет басшысының «Манифест. Әлем.ХХІ ғасыр» деп аталатын бағдарламалық құжат парадигмасына сәйкес келеді, сондай-ақ  тең құқықты және өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттары, халықаралық құқықтың  сақталуы мен кез келген жанжалдарды дипломатия, диалог және өзара тиімді шешімдерді  іздестіру қағидаттары арқылы шешуге негізделген», - деп атап көрсетті Қайрат Омаров.

Екінші үлкен тақырып қауіпсіздік пен дамудың өзара   тәуелділік  үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы өңірлік серіктестікті  құру болып табылады. Осы іс-шарада Қазақстаннан Сыртқы істер министрі Қайрат  Әбдірахманов   төрағалық етеді. Орталық Азия мен Ауғанстаннан келген   министрлер де қатысады.

Екі шарада да, 18 және 19 қаңтарда БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш  мырза негізгі баяндамашы болады. Сондай-ақ, Ресей Сыртқы істер министрі Лавров  мырзаның қатысуы күтілуде. Бұдан басқа, 25 қаңтарда Таяу Шығыстағы ахуалтуралы, оның ішінде Палестина мәселесі бойынша тоқсан сайын ашық пікірталас  өткізу жоспарланып отыр. Қазақстан үшін басты бағыт, әрине, Астана процесі,Сирия келіссөздері.

«Бүгінгі таңда осы бағытта белсенді жұмыс жасайтын  мемлекеттерге өте ризамыз. Астана процесінің басты мүдделі елдері - Ресей,Түркия және Иран. Сонымен қатар, басқа бастамалар бар: Иордания, АҚШ бұл  мәселені шешуге көмектесуге тырысады. Көптеген басқа сайттар, соның ішінде Мәскеу платформасы, Кабул үдерісі және Стамбул үдерісі бар. Әрине, Женева алаңы- Астана мен Женева платформалары өзара бірін-бірі толықтыратын негізде жұмыс істейді»,- деді Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі.





Яндекс.Метрика