Евразиялық одақ

Жаңа Кеден кодексі тауарлардың еркін айналымға шығарылуын 6 есе қысқартады

Бүгінде шығару мерзімі бір тәуліктен асып жығылуы мүмкін. ЕАЭО-ның КК кедендік декларацияны тексеру барысында тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдің барын анықтамаса кеден қызметін төрт сағатта өз жұмысын аяқтауға міндеттейді.
Астана қаласы 08 Қаңтар, 19:15

ЕАЭО-ның КК СЭҚ-тың барлық қатысуышларына пайызы бар кедендік төлемдерді төлеу мерзімін ұзарту мүмкіндігін пайдалануға жағдай асайды. Сонымен қатар, мерзімін ұзартқаны үшін де төлемнің үстіне пайызы қосылмайтын болады, жалпы алты айға дейін шегеруге болады. Бұл туралы ЕЭК Коллегиясының төрағасы Тигран Саркисян өзінің авторлық мақаласында хабарлады.

ЕАЭО-ның  КК кеден декларациясын тексеру мерзімін екі есе қысқартып отыр – екі сағаттан бір сағатқа дейін. Ал, тауарлардың шығарылымын 6 есе қысқартты. Импорттық/экспорттық тауарлардың шығарылымын бір күнге қысқарту халықаралық сауданы 4%-ға дейін өсіруге алып келеді.

Өкілетті экономикаық оператор мәртебесін жеткізілім желісінің барлық қатысушылары ала алады – тасымалдаушылар, қойма иегерлері, кеден өкілдері мен СЭҚ-тың барлық қатысушылары. Бүгінде жеңілдетуге импорттаушылар мен экспортаушылар ғана үміткер бола алады.

Кеден кодексінде ЕАЭО елдерінің сыртқы экономикалық қызметі жүйесін реттеуге «бір терезе» механизмін енгізу үшін заңгерлік мүмкіндіктер қарастырылған.

Бүгінде Одақта механизмді дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. ЕАЭО елдерінде «бір терезе» жүйесінің жекеленген элементтері жүзеге асырылуда. 





Яндекс.Метрика