Инновациялар

Қазақстанда не себепті генетик мамандар жетіспейді (ВИДЕО)

Эксклюзив
Отандық ғалымдардың әлемдік деңгейде жұмыс істеуі үшін және биоинформатика мен генетика саласына мамандарды тарту үшін не істеу керек. Бұл туралы National Laboratory Astana биоинформатика мен жүйелік биология зертханасының жетекшісі Ұлықбек Қайыров Strategy2050.kz АА тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында хабарлады.
Астана қаласы 08 Қаңтар, 15:21

Ұлықбек Қайыров хабарлағандай, еліміздің барлық оқу орындарында генетика мен биоинформатика саласындағы курстарын енгізу керек.  

«Барлығын жаппай салауатты денсаулық сақтауды насихаттаудан бастау керек. Содан соң, бізде заманауи технологиялар бар екенін көрсету керек. Генетика – біздің өміріміздегі маңызды элемент.  Егер, бұған дейін ол өте қиын және қолжетімсіз болса, енді ол баршаға  қолжетімді. Кез келген адам өмірінің белгілі бір кезеңінде генетикалық тесттен өтіп, маңызды ақпарат ала алады және болашақта оны пайдалана алады. Сондықтанда барлық университеттерде  геномика, заманауи биотехнология, биоинформатики курстары енгізілу керек», - деді Қайыров.

Ол сендіріп кеткендей, бүгінде көптеген ұлттық университеттердің биологиялық базасында немесе биомедицина факультетіндерінде  лекциялар бекітілген.

«Бастысы медициналық университеттердің базасына курстарды енгізу керек. Өкінішке орай, медициналық университеттерде бұл туралы кеңірек ешкім оқымайды. Сондықтанда бакалавриат базасында лекцияларды енгізу керек, курстарды дұрыс жасақтау маңызды. Олар магистратура негізінде зертханаларда алғашқы қадамдарын жасайды, зерттеу жүргізеді, тәжірибе жасайды. Сонымен қатар, PhD бағдарламаларды көптеп ашу керек. Сол кезде ғана біз ғылым мамандарының үздіксіз ағымын алатын боламыз, олар осыған мүделі болатын болады», - деп атап өтті генетик.

Ұлыкбек Қайыровтың айтуынша, оқу орында шектеліп қалудың қажеті жоқ, жаппай шараларды ұйымдастырып, оларды насихаттау керек.  

 «Мұнда мәселенің екінші жағы бар. Бізде, Қазақстанда мамандар аз: олар бар, алайда аз. Мәселен, Астанада генетиканын не екенін түсінетін 20-25 адам бар делік. Медициналық оқу орындарға генетик, геномик, биоинформатика мамандарын лекция оқу үшін белсенді шақыру керек. Сонымен қатар, телеарналарда, бұқаралық ақпарат құралдарында  шараларды көптеп өткізу керек және арнайы сайттар құру керек. Мысалы, Францияда балаларға арналған Ғылым музейі бар. Оларда бес жастан бастап суреттер арқылы генетикалық кодтың, РНҚ-ның не екені және оны қалай пайдалануға болатыны түсіндіріледі», - деп атап өтті спикер.

Осы ретте, Ұлықбек Қайыров хабарлағандай, зертхана есіктері тіпті оқушыларға да ашық. Ал, Назарбаев университетінің базасында жаңадан бастаған мамандар үшін биоинформатика бойынша тегін курстар өткізіледі.

«Әр кезеңде генетиканы насихаттауды жүргізу керек. Бізде өз тарапымыздан үлес қосуға тырысудамыз, тегін курстар өткізудеміз, биоинформатика, нәтижелерді сараптаумен жұмыс істегісі келетін студенттер мен оқушыларды оқытамыз. Шетелде білім алып жатқан қазақстандық студенттер жазғы демалыста бос отырмас үшін біздің зертханамызға сұранады. Яғни, олар біздің зертханамызда тәжірибе өткізіп, бірінші зерттеулерінің нәтижесінде біліктілігін жетілдіру үшін түрлі шәкіртақылар алады және де зерттеулерін шетелдік орталықтарда жалғастырады», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Ұлықбек Қайыров ғылым саласында кәсіби үздік маманға айналу үшін не істеу керектігімен бөлісті.

«Геном сараптамасымен айналысу үшін адамның белгілі бір деңгейде біліктілігі болуы шарт, ол генетиканы түсінуі және серверлермен жұмыс істеуі үшін IT-маманы болуы керек. Сонымен қатар, ол қолындағы сараптама нәтижесін түсінетін медицина маманы болуы тиіс. Математикалық әдісті іске қосты делік, осылайша сараптама жасалды, алайда оның нәтижесімен ары қарай жұмыс істеу керек емес пе», - деп толықтырды ол.

Оның айтуынша, бүгінде биолог немесе IT-маманы болу тым қиын және тиімсіз: әмбебап болуға тырысу керек.

«Егер уақыт талабынан қалып қалмау үшін бірге ілесіп жүру керек. Сен IT  технология мен биологияны түсінетін медицана маманы болуға ұмтылуың керек. Бұл өте қиын процесс. Егер біз жастарды осы бағытта оқытып үйрететін болсақ, онда біз артта қалып қаламыз. Бүгінде адам ғылыммен айналысқысы келсе онда мүмкіндік бар. Мысалы, ғылым менің университеттегі бірінші күнімнен бастап дисертациямды қорғағанға дейін 14 жыл уақытымды алды. Бұл өте көп, алайда оған лайық», - деп түйіндеді Ұлықбек Қайыров.  

Ақбота Күзекбай 

Видео автордан





Яндекс.Метрика