Парламент

БҚО-да мәжілісмендер өңірдің проблемаларын талқылады

Батыс Қазақстан облысының əкімі Алтай Көлгінов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Жексенбай Дүйсебаев, Зəуреш Аманжолова және Бақтияр Мəкенмен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан 08 Қаңтар, 15:54

Кездесуде облыс əкімі өңірдегі ауыз су, жол проблемаларының шешілуіне ықпал еткен депутаттардың қолдауына алғысын айтып, 2017 жылы атқарылған жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар биылға жоспарланған жұмыстар жайлы ой бөлісті.

Депутаттардың аудандарға жұмыс сапарлары жоспарлануда.

Айта кетейік, мəжілісмендермен қатар Сенат депутаттары да ауылдарды аралауда. Мәселен, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Е.Мұқаев пен Н.Төреғалиевтің 3-12 қаңтар аралығында Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау, Бөрлі, Тасқала аудандарына іссапарлары жоспарланған. Депутаттар Орал қаласындағы бірқатар өндіріс орындарын да аралайды.

 





Яндекс.Метрика