Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астанада бір жылда 19 257 тұрақты жұмыс орны ашылды

Мемлекеттік және басқа да бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 5 980 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды, деп хабарлады елорданың жұмыспен қамту орталығы.
Нұр-Сұлтан 05 Қаңтар, 20:36

Акционерлік қоғамдар, елорданың ұлттық компаниялары 3 590 жаңа тұрақты орынды растады. Шағын және орта бизнестің кәсіпорындарында 9 687 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды, бұл жаңа жұмыс орындарының жалпы санының 50,3% құрайды.

 2017 жылы үнемі жаңа жұмыс орындары сауда саласында – 3584, шағын кәсіпкерлік саласында – 2861, туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі саласында – 2083, білім беру саласында – 2059, көлік саласында – 1876, құрылыс саласында – 1977, денсаулық сақтау саласында – 1434,  қызмет көрсету саласында – 1300, өнеркәсіп саласында – 449, қаржы қызметі саласында – 140, байланыс саласында – 58, басқа қызметтер – 1436 жұмыс орны әртүрлі қызмет салаларында  ашылды. 





Яндекс.Метрика