Инновациялар

Қарағандыда инновациялық технологиялар бойынша тұрғын үй кешендері салынып жатыр

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қаңтардың алғашқы күндерінде облыс орталығында жұмыс сапарын өткізіп, жаңа тұрғын үйлердің және әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен танысып қайтты.
Қарағанды 05 Қаңтар, 13:28

Аймақ басшысы «Жанұя-2» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болды. Жобаның құны 2,6 млрд теңгені құрайды. Мұнда жалпы ауданы 12800 шаршы метрді құрайтын он қабатты үйлер салынып жатыр. Барлығы 199 пәтер болады. 

«Жоба «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Пәтерлер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына сатылады. 2018-ші жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Әзірге қалыпты жылдамдықпен келе жатырмыз. Қаржыландыруқа қатысты қиындықтар жоқ», - деді «ККК Инжиниринг» ЖШС директоры Иван Малюшенко.

Ол құрылыс жұмыстарына жергілікті үй құрылысы комбинатының материалдары пайдаланылатынын атап өтті. Бұл отандық құрылыс саласындағы инновациялық өнімдер – қосарлы қуысты қабырқалар және өрнекті жабу плиталары (фермалар, арқалықтар, панельдер және т.б.). Технология құрылыс мерзімін жылдамжатып, құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Мамандардың мәліметінше еңбек күшінің жұмсалуы үш есеге қысқарған. 


Дәл осы компания БүМомышұлы көшесінің бойынша үш жапырақ пішіндес көп пәтерлі тұрғын үй кешенін салып жатыр. Жобаның құны – 9,3 млрд теңге. Тапсырыс беруші Қарағанды қаласының Құрылыс бөлімі. Мақсаты – халықты қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету. Кешендегі 14 және 16 қабатты үйлердің жалпы ауданы шамамен 60 мың шаршы метрді құрайтын болады. барлығы 1128 пәтер болады. 

Жоба «2020 жылға дейін аймақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрысыл жинақ банкі желісі бойынша бағытымен жүзеге асырылып жатыр. Жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Тұрғын үй кешенінің алғашқы екі кезегін 2018-ші жылдың екінші жарты жылдығында тапсыру жоспарланып отыр. Бірінші кезектің құрылсы аяқталуға жақын. 

Облыс әкімі сонымен қатар Панель-Орталық шағын ауданындағы 1200 орынға шақталған жаңа мектептің құрылысымен танысып қайтты. Құны 2,2 млрд теңгені құрайтын жоба «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Қаражат Ұлттық қордан бөлінген. 

Мердігер – «Строй с нами» ЖШС. Компанияның бас инженері Хикмак Давлетовтың айтуынша құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сай өткізіліп жатыр. Қолданысқа енгізу 2018-ші жылға жоспарланып отыр. 





Яндекс.Метрика