Халықаралық интеграция

«Қазақстандағы ғарыш күндері» форумы мамырда өтеді

«KADEX - 2018» көрмесі аумағында орталық диалогтық көрме алаңдарының бірі болатын «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумы тұңғыш рет өткізіледі, деп хабарлады ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан 05 Қаңтар, 10:52

«ҚР Қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің және өзімнің атымнан 2018 жылдың 23-26 мамыры аралығында Астана қаласында өтетін «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі өтетінін хабарлай отырып, баршаңызды осы шараға шақырамын. Бұл Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығында өтетін алғашқы көрме. Оған отандық және шетелдік қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының кәсіпорындары, жетекші конструкторлық бюро мен ғылыми-зерттеу институттары қатысады», - деді   ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт  Атамқұлов  «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесіне қатысушыларға арналған үндеуінде.

«KADEX»  көрмесі өткізілген жылдардан бері құқық бойынша қару-жарақ, әскери және арнайы техникаларды, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы технологияларды көрсету тұрғысында әлемнің жетекші көрме алаңына айналды.

Форум аясында пленарлық және секциялық отырыс, конференция, «дөңгелек үстел» форматында барлық елдердің мамандары қорғаныс және қауіпсіздік, әлемдік ғарыш саласын дамыту мәселелері төңірегінде пікір алмасып, замануи кезеңде киберқорғаныспен қамтамасыз ету сұрақтары талқыланатын кең көлемді ғылыми-іскерлік бағдарлама жүзеге асырылады.

«Көрме қонақтары мен қатысушылар қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласындағы кәсіпорындардың соңғы жетістіктері мен ғылыми әзірлемелерімен таныса алады.  Көрмеде негізгі басымдық электронды жүйені дамытуға, байланыс және қару-жарақпен басқару жүйесіне, ақпараттық қауіпсіздікте заманауи шешімдерді іздеуге беріледі», - деді ол.

Тәжірибе көрсеткендей, мұның бәрі өз кезегінде әскери-техникалық ынтымақтастықты, киберқорғаныс пен ғарыш кеңістігін игеруде әріптестік қатынасты дамытатын өзара тиімді келісімшарт жасаумен, келісімдер мен меморандумдарға қол қоюмен аяқталуы тиіс.  

Баршаңызды «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесіне қатысуға шақырамын.

«KADEX - 2018» көрмесі отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешені және елімідің ғарыштық кәсіпорындары үшін ауқымды шара болатынына және жоғары деңгейде өтетініне сенемін.

Бұл шараға қатысушылар мен қонақтарға жемісті еңбек пен биік белестер тілеймін!

 





Яндекс.Метрика