Халықаралық интеграция

Қазақстаннан Өзбекстанға жүретін жолаушылар автобусы іске қосылды

Шымкент-Ташкент халықаралық автобус бағдары ашылды.
Оңтүстік Қазақстан 05 Қаңтар, 10:21

Аталған бағыт бойынша қалааралық жайлы автобустар сағат сайын күнделікті таңғы 6-дан 20:00-ге дейін жүреді.

Жалпы, жол жүру уақыты техникалық аялдамасыз 4 сағатты құрайды. Автобустар, жолаушылар және қол жүгі кедендік тексеру мен шекаралық бақылаудан кезексіз өтеді.

«Қазақстан жағынан KazNetworkBus ЖШС, ал Өзбекстан жағынан  ManzaraTourism ЖШҚ тасымалдаушылары белгіленген. 2018 жылы екі елдің басқа да ірі қалалары арасында кезең-кезеңмен тұрақты автобус қатынасы іске қосылады, деп жоспарлануда», - деп хабарлады ИДМ.

Шымкент-Ташкент бағдары бойынша тұрақты халықаралық автокөлік тасымалын жасау рұқсаты 2017 жылдың 26 желтоқсанында берілді.

Айта кету керек, соңғы 17 жылда Қазақстан мен Өзбекстан арасында жолаушыларды тасымалдайтын автобус қатынаған жоқ.

 





Яндекс.Метрика