Инвестициялар

Қазақстанда блокчейн технологиясын ілгері жылжыту және біріктіру жолдары қарастырылуда

Өткен жылы 17 қарашада «Қазақстан блокчейн және криптовалюта қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі құрылған. Қауымдастық Қазақстан нарығына блокчейн технологиясын шетелдік озық тәжірибелерді қолдана отырып енгізу үшін құрылған болатын. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында «Қазақстан блокчейн және криптовалюта қауымдастығы» кеңесінің төрағасы Есет Бутин мәлімдеді.
Астана қаласы04 Қаңтар , 18:10

Есет Бутин Қазақстан Республикасында блокчейн технологиясының келешегі туралы айта келіп, ұлттық криптовалюта мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, қауіпсіз әрі сенімді бизнес жағдайын жасауға күш жұмсалмақ.

«Қауымдастықтың мақсаты -  Қазақстанда блокчейн технологиясын ілгері жылжыту және біріктіру. Ассоциация криптовалюта нарығын және ICO-ді легитимдеу бағытында қазақстандық реттеушілермен жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, блокчейн технологиясы заңнамалық бастамаларды әзірлеумен қатар ірі жобаларды іске асыру барысында ассоциация мүшелерінің күш-жігерін жұмылдыру бойынша жұмыс жүргізетін болады»,-деді Есет Бутин.

Спикерлердің пікірінше, Қазақстан блокчейн және криптовалюта қауымдастығы құрамына медицина, қаржы, инжиниринг салаларында блокчейн жобаларды енгізбекші болып отырған Медэлемнт, СанскрИТ, Асыл Тобе, Техсол Инжиниринг және басқа да қазақстандық жетекші компаниялар кірген.

 

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика