Ұлт жоспары 100 нақты қадам: МӘМС

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 32,1 млрд теңгеден асты

Казахстан04 Қаңтар , 17:18

Желтоқсан айының 1-і мен 31-і аралығында Медициналық сақтандыру қорының Ұлттық банктегі шотына 7,4 млрд теңгеге жуық жарна аударылды,деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  Жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаменті.

Жалпы, жаңа жүйе іске қосылған 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында түскен түсімдердің жалпы көлемі 32,1 млрд теңгеден асып жығылды.

Оның ішінде, 26,4 млрд теңге (82,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 5,7 млрд теңгеге жуық қаржы (шамамен 17,8%) жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

Аумақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы мен Астана қалалары, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап келеді.            

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2017 жыл соңына дейін түсетін жарна мөлшері 30 млрд теңгеге жуықтайды деген болжам жасаған болатын. МСҚ жыл соңына болжанған көрсеткіштерге толығымен қол жеткізді.


 

 

 




Яндекс.Метрика