Инвестициялар

Алматыда инвестиция көлемі 15 пайызға артты

2017 жылғы қаңтар-қарашада өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 723,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашадан 3,5%-ға артық.
Алматы қаласы 04 Қаңтар, 10:21

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 3,4%-ға артты, электрмен жабдықтау, газ жіберу және ауа баптауда 5,8%-ға артты, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 4%-ға кеміді.

2017 жылғы қаңтар-қарашада ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 4980,3 млн. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 15,7%-ға артты.

2017 жылғы қаңтар-қарашада құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 256607,2 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 2,2%-ға артық.

«2017 жылғы қаңтар-қарашада жүк айналымының көлемі (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) 21857 млн. ткм құрап. Жолаушылар айналымының көлемі 34223 млн. жкм құрады», - деп хабарлады департамент.





Яндекс.Метрика