Инвестициялар

Астанада биыл 7 жаңа индустриялық жоба пайдалануға беріледі

Өнеркәсіп өндірісі 7,2% өсіп 426,1 млрд теңгені құрады, негізінен машина жасау мен металлургия саласы және индустрияландыру картасы жобаларының арқасында, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.
Астана қаласы 04 Қаңтар, 08:51

Өнеркәсіптік өндіріс саласының негізгі тауарлары құрылыс материалдары, азық-түлік өнімдері, жеңіл өнеркәсіп, резеңке бұйымдар және басқа да түрлер.

Астана экономикасына 778,4 млрд теңге инвестиция тартылған, соның ішінде шетел инвестициясы 3,6 есеге артқан.

Биыл 600-ден астам жаңа жұмыс орнын ашатын, жалпы құны 17 млрд теңге тұратын, 7 жаңа индустриялық жоба пайдалануға беріледі.





Яндекс.Метрика