Инновациялар

Қазақстанның Әскери-әуе күштеріне жаңартылған Су-25 ұшақтары келді

Беларусь Республикасының Барановичи қаласындағы «558-авиажөндеу зауыты» кәсіпорнында жөндеу және жаңарту жүргізілгеннен кейін ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштеріне Су-25 ұшақтары келді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 29 Желтоксан, 17:23

Су-25 шабуылдағыштың жоғары жауынгерлік жандылығы бар, құрамдастырылған соққыларды жасай алады, бұл ретте әртүрлі межелерді және нысандарды бір уақытта зақымдаудың әртүрлі авиациялық құралдарымен жоя алады. Бұл оның жауынгерлік қуатын анағұрлым күшейтеді. Ұшудың аса жоғары емес жылдамдығымен ұштасуда нысаналар бойынша, оның ішінде, таулы және қырлы жерде дәл соққы жасауға мүмкіндік береді.

Шабуылдағышқа шешілетін тапсырмалардың типіне байланысты қару-жарақты 30-дан аса түрі орнатылуы мүмкін. Ұшақ меженің тіке көрінуі кезінде күндіз және түнде ұрыс алаңында Құрлық әскерлерін тікелей қолдау, сондай-ақ кез келген метеожағдайларда тәулік бойы берілген координаталармен нысандарды жою үшін арналған. Су-25-те әртүрлі қару-жарақ, яғни, авиазеңбірек, әртүрлі калибрдегі және мақсаттағы авиабомбалар, «әуе-жер» басқарылатын және басқарылмайтын зымырандар, «әуе-әуе» басқарылатын зымырандары қолданылады. 2018 жылдың басында күрделі жөндеуден кейін қазақстандық ӘӘК-нің құрамына осы техниканың тағы да 3 бірлігі келіп түсетінін айта кету қажет.  

Әскери-әуе күштеріне жаңарту мен жөндеуден кейін жеткізілген Су-25 ұшақтарының жалпы саны Отанымыздың әуе шептерін қорғау жөніндегі тапсырмаларды толық көлемде орындауға мүмкіндік береді. «Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының тарапынан ұдайы көрсетіліп отырған қамқорлығының арқасында авиациялық паркіміз жыл сайын жаңа немесе жаңғыртылған авиациялық техникамен толығып отырады. Соңғы жылдары Су-30СМ ең заманауи жауынгерлік ұшақтары, жаңа Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшақтары сатып алынды. Бұдан бұрын қатарымыз С-295 әскери-көлік ұшақтарымен, Ми-35М тікұшақтарымен толықты. ӘӘК-нің барлық дерлік авиациялық техникасы жөнделіп, жаңартылды», - дейді бөлім командирі полковник Тимур Омаров.


 





Яндекс.Метрика