Өңірлер

Батыс Қазақстан облысында құрылыстағы инвестиция 76 пайызға артты

2017 жылғы қаңтар-қарашада орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 95373,6 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2016 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 103,3%-ды құрады, деп хабарлады Статистика комитеті.
Батыс Қазақстан 29 Желтоксан, 16:12

2017 жылғы қаңтар-қарашада 2096 жаңа ғимарат, оның ішінде 1959 тұрғын үй және 137 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар пайдалануға берілді.

2017 жылғы қаңтар-қарашада тұрғын үй құрылысына 35889,3 млн. теңге инвестиция бағытталған немесе 2016 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 176,8%.

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 346,5 мың шаршы метрді құрады,пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2016 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 147,9% құрады.

2017 жылғы қаңтар-қарашада бюджет қаражаты есебінен 35 мың шаршы метр, жұртшылық қаражаты есебінен 216 мың шаршы метр тұрғын үйлер, кәсіпорынның меншіктік қаражат және басқа да қарыз қаражаттар есебінен 95,5 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Іске қосылған тұрғын үйлердің көбеюі Орал қаласында және Бөкей орда, Қаратобе, Шыңғырлау аудандарынан басқа барлық аудандарда байқалады.

 





Яндекс.Метрика