Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2018 жылы Қазақстанда бірқатар бағыттар бойынша темір жол билет тарифі өзгереді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі алдағы жылы бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттерінің бағасын жоспарлы түрде көтеру туралы хабарлады.
Астана қаласы29 Желтоксан , 18:27

Бұл өзгеріс тасымалдаушылардың шығындарының артуымен байланысты және маршруттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр. Тарифтерді түзету күтілетін инфляция шегінен асып кетпейді.

Осылайша, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі, деп күтілуде. Ал, 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды.

«Бұл бірнеше тасымалдаушының конкурсқа берген өтінімдеріне байланысты жасалып отыр. Ал, тасымалдаушы осы бағыттар бойынша кірістің азайып қалу тәуекелдеріне жауапты болады», - деп хабарлады ведомство.

Қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37%-ды құрайды. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты.

Мысалы, қала маңындағы пойыздардың бұрынғы базалық бағасы 100 шақырымына 324 теңгені құрады. Ал, автокөлік жолдарында 3-4 есе жоғары болды.

Қала маңындағы тасымал шығынын қысқарту мақсатында базалық ставка 30% -ға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады.

Осылайша, алдағы түзетулер әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика