Өңірлер

Жыл басынан бері мыңнан астам жолаушылар вагоны жөнделді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Арман Сұлтановтың төрағалығымен өткізілген кеңесте жолаушылар вагондары паркін жаңғырту жайы талқыланды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Астана қаласы 29 Желтоксан, 12:11

Кеңесте Алматы вагон жөндеу зауыты кәсіпорнының биылғы жұмыс қорытындысы жасалды. Биылғы 11 айда 1130 жолаушылар вагондары жөндеуден өткізілген. Жөндеу жұмыстарының сапасын көтеруде, берілген тапсырыстарды дер кезінде орындау бойынша бірқатар шаралар атқарылуда.

Сонымен қатар өндірістік жұмысқа, құрал жабдықтар, қосалқы бөлшектер сатып алуға қатысты өзекті жайлар ортаға салынды. Кеңес соңында жылжымалы құрамды жөндеу сапасын көтеруге бағытталған «Жол картасы» қабылданды.

Маңызды құжатта жолаушылар вагондарын жөндеуден өткізудің, құрал- жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді сатып алудың технологиялық кешенді шаралары қарастырылған.

 

 





Яндекс.Метрика