Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі шағымдар электрондық түрде беріледі

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталында «Электрондық шағымдану» функционалы іске қосылады, деп хабарлады ҚР ҚМ Баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Желтоксан , 10:27

Енді конкурстар мен аукциондар бойынша шағымдар электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы берілуі мүмкін.

Веб-порталда бірмезгілде веб-портал арқылы түскен шағымдардың бірыңғай дерекқорын, оның ішінде шағымның түсуінен бастап, оларды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдермен аяқтай отырып мәліметтерді және бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар мен хабарламаларды қамтитын Шағымдар тізілімі іске қосылады.

«Электрондық шағымдану» функционалдарын және Шағымдар тізілімін іске асыру мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне, шешімдеріне, яғни жүйеден шықпай және оларды қағаз түрінде (почта арқылы немесе қолма-қол) беруге уақытты жоғалтпай шағымдар беруді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Шағым беру нұсқаулығымен мемлекеттік сатып алу веб-порталында - www.goszakup.gov.kz «Анықтама – Пайдаланушылар нұсқаулығы – Өнім берушінің Нұсқаулығы – өнім берушінің шағымды (өтінішті) беруі» деген бөлімде танысуға болады.

 

 

 




Яндекс.Метрика