Энергетика

ЭКСПО көрмесінде ұсынылған жобаларды қолдану мүмкіндігі қарастырылуда

Энергетика министрлігі EXPO көрмесінің халықаралық павильондарында ұсынылған жаңа технологияларды Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында айтылды.
Астана қаласы28 Желтоксан , 17:50

ҚР Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері департаментінің директоры Айнұр Соспанованың айтуынша, Министрлікпен бірлесе ЭКСПО көрмесіне қатыстырылған шетелдік және отандық технологиялардың қолданысты негіз ететін тізімі жасалған.

«Министрлік ұлттық компаниялар өкілдерінен, түрлі энергетикалық салалардағы жетекші сарапшылардан, министрліктің және ведомстволық бағынысты құрылымдардың өкілдерінен сараптамалық жұмыс тобын құрды. 47 маманнан жасақталған Жұмыс тобы төрт бағыт бойынша 105 шетелдік технология мен 28 отандық технологияның тізімін жасады»,-деді Айнұр Соспанова.

Аталған тізімде мұнай және газ саласы бойынша 27 технология, көмір өнеркәсібі бойынша 7, электр энергетикасы, энергияны үнемдеу және ЖЭК бойынша 63 технология бар. Ал экология (қалдықтарды басқару, су тазалау, ауа сапасын бақылау) саласы бойынша 36 технология кірген.

Тізім технологияларды қарастыру және іріктеу үшін ұлттық және жеке компанияларға, сондай-ақ әкімдіктерге жолданған. Технологияларды барынша жарнамалау мақсатында технологиялар тізімі байланыс ақпараттарымен қоса Министрліктің сайтында орналастырылған.

Бұлардың ішінде таңдалған технологиялар туралы Айнұр Соспанова: «Әкімдіктер қазіргі уақытта қолданысқа енгізу мақсатында 40 технологияны іріктеп алды және оның төртеуі 2018 жылы қолданысқа енгізіледі. Ұлттық компаниялармен бірлесе қолданысқа енгізу үшін 15 технология іріктеп алынды және оның екеуі 2018 жылы қолданысқа енбекші»,-дейді.

Көбінесе энергияны үнемдеу, суды тазарту, ақылды желілерді және кәсіпорындарда ЖЭК пайдалану бойынша технологиялар таңдалған. Мұнай және газ саласында Ресей, АҚШ, Қытай және Финляндиядан 7 технология анықталып, компаниялар мен облыс әкімдіктері таңдап алған.

Бұдан сырт, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «КЕГОК» АҚ компаниялары, «Көмір» бағыты бойынша Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі таңдаған технологиялар да бар.

«Экология» бағыты бойынша әкімдіктер отандық және өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту, ауа сапасын бақылау және қалдықтарды басқару саласында 10 технологияны таңдап алған. Бұл технологиялардың барлығы да алдағы уақыттарда қолданысқа түседі деп көзделуде.

Есбол Социалхан

 




Яндекс.Метрика