Басқару

Н.Назарбаев: 2020 жылға қарай Қарулы Күштеріміздің қуаты әскеріміздің жауынгерлік әлеуетінің артуы есебінен 1,5 есе өсуге тиіс

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 28 Желтоксан, 15:41

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту мен әскеріміздің жауынгерлік дайындығын арттыру мәселелері бойынша 2017 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев армиямыз құрылғаннан бергі 25 жыл ішінде аумақтық тұтастығымыздың, мемлекетіміздің экономикалық тұрғыдан өркендеуі мен беделінің нығая түсуінің кепіліне айналғанын атап өтті.

«Біз биыл мемлекетіміздің әскери құрылымының бағыты мен оны әрі қарай дамытудың міндеттері белгіленген ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, әскери доктринаны, Қарулы Күштерді дамытудың тұжырымдамасын бекіттік. Осы құжаттарды іске асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай Қарулы Күштеріміздің қуаты әскеріміздің жауынгерлік әлеуетінің артуы есебінен бір жарым есе өсуге тиіс. Арнаулы операциялар күшінің мүмкіндіктері үш есе артатын болады», – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері киберәскерінің басқару пунктін аралап көріп, ақпараттық жүйелердің киберқорғанысын қамтамасыз етудің қазіргі мүмкіндіктерімен танысты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.





Яндекс.Метрика