Білім беру

Қазақстандық мұғалімдер алтайлық әріптестеріне шеберлік сыныбын өткізді

Қазақстан педагогикалық қызметкерлері Aлтайлық әріптестерімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі.
Әлемде 28 Желтоксан, 19:18

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Педагогикалық    шеберлік орталығының директоры Ермек Қасымбеков бастаған делегациясы    Барнаулдағы Алтай өңірлік педагогикалық кадрларды даярлау институтында болды.

Қазақстандық қонақтар Алтай мұғалімдері мен қызметкерлеріне   өздерінің орталықтары туралы айтып, мастер-класс форматы бойынша жұмыс істеудің   кейбір принциптері мен әдістерін ұсынды.

Педагогикалық шеберлік орталығының бүкіл Қазақстан бойынша 15   филиалы бар. Орталықтың қызметіне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің  Қазақстандағы жалпы білім беру мектептеріндегі мұғалімдерімен тәжірибе алмасу,үздік педагогикалық тәжірибені синтездеу және тарату, оның ішінде шетелдік ұсыныстар бойынша біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру және т.б.





Яндекс.Метрика